Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық және экономика негіздері
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Білім: математика
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау және үйлестіру. Құқықтық, әкімшілік және кадр мәселелері бойынша аумақтық органдардың қызметкерлеріне кеңес беру. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "Е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді, жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеуді, Қазақстан Республикасы Цфирлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық инспекциялары қызметкерлерінің демалыстары мен іссапарлары, жұмыс уақытын, жеке істерді, еңбек кітапшаларын және қызметтік тізімдерді есепке алу табелін жүргізуді бақылау. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды, қызметкерлердің біліктілік талаптарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қызметкерлердің қызметін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органына өз құзыреті шегінде персоналды басқару мәселелері бойынша есептер беру жөніндегі жұмысты үйлестіру. Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету. Кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Еңбек тәртібінің мониторингін бақылау. Біліктілік талаптарын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның, тәртіптік және конкурстық комиссияның, қызметкерлердің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру. Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін әскери есепке алу және броньдау жөніндегі жұмысты бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.02.2021
- "Zoom" бағдарламасы арқылы онлайн
-
8-702-705-22-75