ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
-
- Математика
- Құқық және экономика негіздері
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру және бақылау; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің аумақтық органдарының штат кестесін келісу. Комитеттің аумақтық органдарының есеп беру нысандарын бекіту. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Парламентімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен және орталық мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, айқындалған жағдайда оларды сәйкестікке келтіруді үйлестіру. Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, соның ішінде: байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшем шарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін; радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандары. Өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Радиобақылауды жүзеге асыру және қызметін байланыс саласында жүзеге асыратын жеке мен заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалану және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын субъектілердің біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтау тексерулерін өткізу; Байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды ұйымдастырады және тексерістерді жүзеге асыру; арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру; радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану құқығына рұқсат етулер болмаған және (немесе) техникалық сипаттамаларының белгіленген нормаларға сәйкессіздігі жағдайында оларды ажырату; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру; радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу; электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың элеткромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға бақылауды жүзеге асыру; тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санының және барумен бақылау мен қадағалаудың басқа нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарға сәйкес айқындалған бұзушылықтардың және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін жүргізу және оларды ресми интернет-ресурсында орналастыру; Байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құру; өз құзыреті шегінде байланыс туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот органдарына талаптарды дайындау; Комитеттің талап ету арыздарын, сондай-ақ, сот процестеріне материалдар (талап ету арызын кері қайтарып алу, шағым және қадағалау арыздарына қарсылығын, өтінішхаттарын және т.б.) дайындау; ішкі бақылауды жүргізеді және Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізетін тексерістерді үйлестіру; Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің есептеріне талдау және бақылау жүргізеді, олар бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін қорытындыларды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.01.2021
- Zoom бағдарламасы бойынша
-
87027052275