Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының Басшысы, C-O-1 (1 бірлік)
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
-
Қосымша талаптар
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, радиобайланыс, радиохабарлау және телевидение (ескі мамандық), көпканалды электрбайланыс (ескі мамандық), темір жол көліктегі байланыс және автоматтау, телемеханика (ескі мамандық), радиоаспаптарды құрастыру және шығару (ескі мамандық)), құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы және кредит, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, әлеуметтану, саясаттану, қоғаммен байланыс), жаратылыстану ғылымдары (математика), әскери іс және қауіпсіздік (командалық тактикалық мотоатқыштар әскері (ескі мамандық)).
Функционалды міндеттер
-
Инспекцияның қызметін жалпы басқару.
-
Байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды іске асыру.
-
Байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің иелерінен ведомостволық статистикалық есептіліктер жинауды жүзеге асыру, облыс аумағында ақпараттандыру және байланыс қызметтері нарығының жағдайын талдау.
-
Радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс және ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
-
Е-әкімдіктерді қалыптастыру және дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
-
Үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық қолжетімді пункттерін тексеруді жүзеге асыру.
-
Байланыс және ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысу.
-
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру- техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау.
-
Байланыс және ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
-
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- пр. Мангилик Ел д. 8, пошта мекенжайы: пр. Мангилик Ел д. 8
-
74-95-78