"ҚР ЦДАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасының басшысы"
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру және бақылау; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларды орындау үшін Басқарма қызметкерлеріне міндеттерді тапсырады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің Министрлік пен Комитет басшыларының тапсырмаларын және бұйрықтарын тиісті орындауын қамтамасыз ету. Әзірлеушісі Басқарма болған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілерге Басқарманың құқықтық мониторинг өткізуін қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің сәйкес болмауы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, не болмаса олардың күші жойылды деп тану бойынша шаралар қабылдау. Лицензиялау, РЖС тағайындау, нөмірлеу ресурсын бөлу және ретін анықтау сұрақтары бойынша аумақтық органдармен өзара әрекет ету. Лицензиялау, РЖС тағайындау, нөмірлеу ресуртар үлестіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Лицензиялау, РЖС тағайындау, нөмірлеу ресурсын үлестіру және ретін анықтау бойынша Комитет құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. Халықаралық электробайланыс одағымен және Байланыс аймағындағы достастықпен өзара әрекет ету. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де қызметтерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.11.2020
- қашықтықтан, ZOOM қосымшасы арқылы
-
8 702 822 55 44