Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УМИРПБС-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қосымша талаптар
Мамандық: Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер;
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шегінде байланыс мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыстың негізгі мәселелері бойынша (ХЭБО, БСӨД және т. б.); Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласын дамыту мәселелері бойынша байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау. басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарларына және Мемлекеттік сатып алу жоспарларына ұсыныстар дайындайды; Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп, басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімді қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады; байланыс саласындағы нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, бекітуге енгізуді үйлестіреді; Басқарманың құзыреті шегінде сымсыз байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді Қазақстан Республикасында телекоммуникациялық технологияларды дамыту мониторингін жүзеге асыру. Байланыс саласындағы көрсеткіштер бойынша ДЭФ ЖБИ және Халықаралық Электр байланысы одағының есептеріне мониторингті жүзеге асыру. Саланың дамуын талдау, құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты жүргізу. Жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл арқылы Қазақстан бойынша ауылдық аймақтарда, қалаларда, автожолдарда, туристік орындарда және т. б. жерлерде мобильді интернет сапасын жақсарту және қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру. ЖАО-мен бірлесіп сымсыз байланыс жобаларын жүзеге асыру шеңберінде, байланыс операторларға базалық станцияларды салуға және халықпен кездесулер ұйымдастыруға жәрдемдесу. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде "соңғы миль"бойынша жобаларды іске асыруға қаржы қаражатын бөлу үшін Дүниежүзілік банкпен және басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс - қимылды ұйымдастырады; - "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын орындау шеңберінде конкурстық рәсімдерді ұйымдастыруды жүргізеді; - Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімді қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; байланыс саласындағы нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, бекітуге енгізуді үйлестіреді.Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156