"ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат құжаттары және бақылау бөлімінің бас маманы" (жұмыс Қостанай қаласында

Мемлекеттік орган

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясы

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және почта жөнелтімдерінде почта мөртабанын қолдану, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату қағидаларын сақтауын бақылау; Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, талаптарын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Акт, хаттама және орындауға жататын ұйғарымдарды міндетті түрде жазу, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн, электрондық құжат, электрондық цифрлық қолтаңба, почта байланысын пайдалануына тексерістер жүргiзу; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнаманы бұзған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және қолдануына жолын кесу. ЖЖҚ және РЭҚ ЭМҮ қамтамасыз ету жөніндегі техникалық іс-шараларды жүргізу; Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау; пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; Радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын сақтауына тексеру жүргізу және байланыс қызметтерін көрсету ережесі почта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация желілерінің, құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормаларына және техникалық қолдануына ұйымдастыру талаптарына сай тексерістер өткізу;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.07.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.07.2020 – 10.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.08.2020

Сұхбаттасу орны

ZOOM қосымшасы арқылы қашықтықтан

Анықтама алу үшін байланыс

8 702 822 55 44