"ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазастан. Маңғыстау. Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының Телекоммуникациялар саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы" (жұмыс Ақтау қаласында) (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша 2023 жылғы 18 ақпанға дейін демалыс кезеңіне, бұл ретте, негізгі қызметкер жұмыс берушіні бір ай бұрын хабарлай отырып осы мерзім біткенге дейін шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясы

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

тиісті аумақтық бірліктерде бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, ақпараттандыру саласында заңнаманың талаптарын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату және электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаларының  сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру; радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру; электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау; радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу; байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу; пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану; радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау; телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру, телерадио хабарларын тарату туралы, сондай-ақ электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалары талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде ұйғарымдар беру; азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектріне, радиоэлектрондық құралдарға және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларға мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.07.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.07.2020 – 10.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.08.2020

Сұхбаттасу орны

ZOOM қосымшасы арқылы қашықтықтан

Анықтама алу үшін байланыс

8 702 822 55 44