Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары, C-1 (1 бірлік) Р-10
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.
Ескертпе: ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Радиобайланыс, радиохабар және теледидар
- Көп арналы электр байланысы
Функционалды міндеттер
Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларының орындалуын және іске асырылуын қамтамасыз ету. Телекоммуникациялық және пошта қызметін ұсыну сапасын бақылау, радиожиілік спектрын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және мемлекеттік реттеуді іске асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, байланыс және табиғи монополиялар туралы заңнамаларының бұзушылықтары бойынша әкімшілік жаза қолдану. Телекоммуникациялық және пошта қызметін ұсыну сапасын бақылау, радиожиілік спектрын пайдалану, «электрондық үкімет» инфрақұрылымының қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде сенімхат беру. Жетекшілік ететін салалар шеңберінде мәселелерді, сондай-ақ кадрлық және заңдық қамтамасыз ету, байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін үйлестіру, цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметі, өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен (байланыс саласындағы өңірлік достастық, Халықаралық Электр байланысы одағы) байланыс жобаларын және телекоммуникация жобаларын дамыту және қалалар мен облыстар бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының қызметі. Жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі мәселелерді үйлестіру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу мәселелерін жүзеге асыру. Экономиканың қажеттілігін жетекшілік ететін салалардағы білікті мамандармен қамтамасыз ету, оның ішінде қызметтің тиісті салалары шеңберінде біліктіліктің салалық шеңберлерін, кәсіби стандарттарды, мамандардың біліктілігін растау және тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.bermagambetova@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
8(717) 2649159