Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УМИРПБС-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шегінде байланыс мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыстың негізгі мәселелері бойынша (ХЭБО, БСӨД және т. б.); Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласын дамыту мәселелері бойынша байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасында телекоммуникациялық технологияларды дамыту мониторингін жүзеге асыру. Байланыс саласындағы көрсеткіштер бойынша ДЭФ ЖБИ және Халықаралық Электр байланысы одағының есептеріне мониторингті жүзеге асыру. Саланың дамуын талдау, құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156