ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Пошта байланысын дамыту басқармасының басшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Радиобайланыс, радиохабар және теледидар
- Көп арналы электр байланысы
Функционалды міндеттер
Пошта байланысы саласын дамытуға байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Пошта байланыс саласын талдауды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Пошта байланысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қарау, келісу жөніндегі жұмысты бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында пошта байланысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асыру. Пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почта индекстерін беру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Пошта байланысы әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде Халықаралық электрбайланыс одақтағы, Дүниежүзілік пошта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік достастығы, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Халықаралық Электр байланысы одағының Радиобайланыс жөніндегі дүниежүзілік конференциясының актілерінен туындайтын пошта саласын дамыту Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және құқықтарын жүзеге асыру. Басқармаға келіп түскен хат-хабарларды қарау және бөлу. Басқарма құзыреті шегінде пошта байланысы мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Министрліктің алқа отырыстарына, сондай-ақ Министрліктің басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.sarsenova@mdai.gov.kz
- 27.11.2023
- город Астана, проспект Мангилик Ел, 55/15, С2.4 (посредством ZOOM)
-
8-778-545-84-25