ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Цфирлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық инспекцияларының «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізу. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының тізілімін, сондай-ақ демалыстардың жыл сайынғы кестесін жасау және оны сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Дипломнан кейінгі практикадан өту бойынша жұмысты ұйымдастыру («Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша). Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды, қызметкерлердің біліктілік талаптарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитет басқармаларының жұмысына талдау жасау. Қызметкерлер қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара ісқимыл жасау, Министрлік қызметкерлерінің бағалау парақтарын жинау және тексеруді жүзеге асыру. Арнайы тексеру жүргізу үшін қызметкерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салу Жолдау. Кадр мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс. Жеке істерді, еңбек кітапшаларын және қызметтік тізімдерді және басқаларды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.sarsenova@mdai.gov.kz
- 14.09.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15, С2.4 (посредством ZOOM)
-
8-778-545-84-25