ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Байланыс саласындағы ынтымақтастық бойынша БАҰ (байланыс саласындағы өңірлік достастық) және ХЭО (халықаралық электр байланысы одағы), мемлекеттік органдармен және ұйымдармен телекоммуникация жобаларын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілдік ету. Дайындалатын құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылау. Комитетке келісуге келіп түсетін ҚР СТ стандарттарының, байланыс саласындағы МЕМСТ жобаларын қарау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 30.06.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 14-кіреберіс
-
8 702 822 55 44