ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы тарифтерді талдау және реттеу басқармасының бас сарапашысы
Телекоммуникациялар комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулыққа және берілген құқыққа сәйкес өкілеттікті іске асырады. Байланыс саласын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда реттеуді және бақылауды іске асыру. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілу. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу. Белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы бойынша мәселелер басқармасының құзыретіне өтініштерін қарастыру. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу. Әмбебап қызмет көрсету операторға үшін шығындардың орнын толтыру субсидиялар сомасы туралы мәлімдеме жасау. Қызметтегі міндеттерін тиімді орындау үшін мамандық және кәсіптік біліктілігін арттыру. Министрліктің регламентін және Министрліктің құжаттама және құжаттамасын басқару қағидасын сақтау. Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Заң департаментіне сотқа арыз түсіру қажеттілігі бойынша хабарламаны уақытылы жолдайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді, табылу кезінде оларды сәйкеске келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарастыру, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.06.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 14-кіреберіс
-
8 702 822 55 44