IMEI тіркеу

Сипаттамасы

Қазақстанда арнайы деректер базасы құрылды. Онда ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу, бұғаттау және бұғаттаудан шығару үшін қажетті ақпарат (IMEI-код + абоненттік нөмір + ЖСН/БСН) сақталады.

Ұялы байланыс операторлары осы "деректер базасын" толтырумен айналысады және оның көмегімен телефондарды тіркеу рәсімін жүзеге асырады. Тіркеу үшін деректерді оператордан тиісті СМС-ке жауап ретінде жіберу немесе ұялы қызмет провайдерінің фронт-кеңсесіне жүгіну қажет.

Бұл жұмыс 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген "Байланыс туралы" ҚР Заңының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын міндетті тіркеу туралы талаптарына байланысты жүргізіледі.

Міндеттер

Жобаның басты міндеті-келесі түрде жұмыс істейтін қорғау механизмін қамтамасыз ету: SIM-картаны ауыстырғанда телефонда "IMEI-код + абоненттік нөмір + ЖСН/БСН" байланысы бұзылады және телефонды тіркеу рәсімі іске қосылады, телефон иесінің ЖСН/БСН және SIM-карта иесінің ЖСН/БСН салыстыру жүргізіледі, олар сәйкес келген жағдайда тіркеу сәтті болып саналады және телефон жұмыс істейді, әйтпесе телефон бұғатталады.

Қазіргі уақытта деректер базасында 55,8 млн. жазба тіркелген. Сонымен қатар, Министрлік ұсынылған сервис арқылы сіздің ЖСН тіркелген мобильді нөмірлерді дербес тексеруді және құрылғыңыздың IMEI-кодын тіркеуді тексеруді тұрақты түрде жүргізуді ұсынады.