Қазақстанның ауылдарын кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету
Сипаттамасы
Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды және бірегей жоба шалғайдағы ауылдық елді мекендерді Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жеке инвесторлар өз есебінен инфрақұрылым құрады, бүкіл ел бойынша 20 мың км-ге жуық талшықты-оптикалық байланыс желілерін салады, ал мемлекет оларға 14 жыл бойы байланыс қызметтерін сатып алуға кепілдік береді.