Бүгін, 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың төрағасы Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен онлайн режимінде кезектен тыс 18-ші сессиясы өтті.

Бүгін, 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың төрағасы Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен онлайн режимінде кезектен тыс 18-ші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде ауылдық округтерінің бюджеті туралы, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру және әкімдігінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2024 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттің 1-ші нақтылауын талқылауға ұсынды.
Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша, «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, сонымен қатар 3-ші мәселе бойынша «Тасқала ауданы әкімідігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы» шешім жобаларын аудан әкімі аппаратының басшысы Әсел Аруқызы Ибраева баяндап, көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына:
Рахметуллин Рауан Бисенғалиұлы - аудан әкімінің орынбасары;
Губашева Айнагуль Тлегенқызы – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы; әкмідік құрамынан М.Таңатжан шығарылғаның хабарлады.
Баяндалы өткен шешім жобалары мәслихат депутаттармен бір ауыздан бекітілді.
Мәслихат депутаттары Азамат Кульшманов Панфилов көшесінде балалар ойын алаңын салынатыны туралы, сондай-ақ, Атамекен ауылындағы курьерлік қызметтің маңыздылығы туралы, сонымен қатар Орынбасар Өтешевтің мемлекеттік рәміздері туралы және Мақсат Оразбаевтың компьютерлік техниканы жоспарлау сомасының жеткіліктілігі туралы сұрақтар көтерді.
Жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Рауан Бисенғалиұлы Рахметуллин сессия отырыстан соң мәслихат депутаттарына белсенділік танытып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтындығы туралы айтты.