Мәслихат депутаттары Мерей ауылдық округiнің қоғам белсенділерімен кездесті

Мәслихат төрағасы Мерей ауылдық округінің қоғамдастық жиынының алдында есеп берді.
Үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні жоспарланған шығу кестеге сай аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева Мерей ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының алдында «2023 жылы аудандық мәслихатпен атқарылған жұмыс туралы» есеп берді. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына және мәслихат регламентіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Солардың бірі болып мәслихат төрағасының жергілікті қоғамдастық жиындарының алдында жылына бір рет есеп беруі болып табылады.
Жиынға Ж.Бисенғалиева, Мерей ауылдық округінің әкімі О.Насимуллин, мәслихат депутаты Е.Кучербаев және жергілікті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиының мүшелері қатысты.
Ж.Бисенғалиева аудандық мәслихаттың негізгі нысаны – сессия болып табылатынің атап өтіп, 2023 жылдан бері бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат берді.
Мерей ауылдық округінің елді мекендері 80 пайыз көгілдір отынмен жабдықталған, егін егу мен мал шаруашылығын қатар алып отырған, ауданымыздың үлгілі округтерінің бірі болып табылады.
Жиынға қатысушылар ауылға жаңа мәдениет үйінің қажеттілігін атап өтті. Бүгінгі таңда мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттамасы дайын екенін, жобаны жүзеге асыру мақсатында мәслихат депутаттары жоғары тұрған мекемелерге сауал жолдап, қолдау білдіруін сұрады. Сондай-ақ тұрғын үй тапшылығы туралы да атап өтті.
Мәслихат депутаттары есеп барысында көтерілген барлық мәселелерге назар аударып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауға ат салысатындарын жеткізді.
Кездесуден кейін маслихат төрағасы ауылдағы мәдени сауықтыру кешенінің кұрылыс барысымен танысты.