Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы

Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы
бос орындар туралы хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына (2022 жылғы 5 қарашадағы №156-VII ҚР Конституциялық заңымен енгізілген толықтыруларды ескере отырып), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы шығыс №1-33/47 және 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шығыс №1-33/48 хаттары негізінде Тасқала аудандық мәслихаты мына сайлау комиссияларында бос орындар бары туралы хабарлайды:
Округтік комиссиялар – 55 бос орын:
№1 Ақтау сайлау округі – 5;
№2 Амангелді сайлау округі – 5;
№3 Қ.Сәтпаев сайлау округі – 5;
№4 Абай сайлау округі – 5;
№5 С.Жаксыгулов сайлау округі – 5;
№6 Ы.Алтынсарин сайлау округі – 5;
№7 Жеңіс сайлау округі – 5;
№8 Достық сайлау округі – 5;
№9 Мерей сайлау округі – 5;
№10 Қазақстан сайлау округі – 5;
№11 Шежін сайлау округі – 5.
Учаскелік комиссиялар - 13 бос орын:
№329 учаскелік комиссиясы – 3;
№330 учаскелік комиссиясы – 2;
№332 учаскелік комиссиясы – 2;
№333 учаскелік комиссиясы – 1;
№336 учаскелік комиссиясы – 1;
№340 учаскелік комиссиясы – 2;
№341 учаскелік комиссиясы – 1;
№347 учаскелік комиссиясы – 1.
Осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн мерзім ішінде әрбір саяси партия сайлау комиссиясы құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Ұсынылған кандидатуралар бойынша аудандық мәслихатқа келесі құжаттар жіберіледі:
1) тиісті сайлау комиссиясы құрамына кандидатты ұсыну туралы жарғысына сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер органының, олардың құрылымдық бөлімшерінің отырыс ХАТТАМАСЫНАН көшірме;
2) әділет органдарында саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген туралы құжаттың көшірмесі;
3) нақты сайлау комиссиясын көрсетумен жұмысқа қатысуға келісу туралы кандидаттың аудандық мәслихатқа ӨТІНІШІ;
4) құжаттарды толтыру кезінде сауалнамалық деректерде қателерді жібермеу мақсатында ұсынылған кандидатуралардың өтінішіне жеке куәліктің көшірмесін қоса беруі сұралады.
Ұсыныстар сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 206 кабинет.
Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Шатенова Тоғжан Сансызбайқызы, байланыс телефоны: 22-3-25.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында тұруға тиіс.
Тасқала аудандық мәслихаты
Хабарлама 01.01.2023 күнінен бастап қолданылады деп есептелсін