Меню

Страницы

Статья

Тасқала аудандық мәслихатының VІІ шақырылымдағы депутаттарының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы

Тасқала аудандық мәслихатының VІІ шақырылымдағы депутаттарының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы
 
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» деп көрсетілген. Тасқала аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын және де басқа заңнамалық актілерін, аудандық мәслихаттың регламентін басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.
2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттарының сайлауы өткен болатын. Бұл сайлауда Тасқала аудандық мәслихатының 7ші шақырылымындағы депутаттар корпусына беделді, елге сыйлы, қоғам мүддесіне жаны ашитын азаматтар топтасты. 11 депутаттың 7-і ер адам, 4-і әйел. 8-ы «AMANAT» партиясының, 2-і "Ауыл" партиясынан, 1-уі «Ақ жол» партиясының мүшесі болса, 2-і екіден жоғары шақырылымдардың депутаттары болды.
Аудандық мәслихат қызметін бірнеше бағытқа бөлуге болады.
Негізгі нысан – сессия
2022 жылы аудандық мәслихаттың 17 сессиясы өткізіліп, 55 мәселе қаралды. Соның ішінде:
- 6 нормативтік құқықтық акт;
- 14 есеп берулер;
- 12 аудандық, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту, өзгерістер енгізу;
- 2 шешіммен «ауданның құрметті азаматы» атағы берілді (Тасмагамбетов Б.Ж., Кенжегулов М.А.; Нургалиев С.Г.);
- 10 ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер;
- 4 сайлау комиссияларын өзгерістер;
- 7 басқа да мәселелер.
Депутаттар сессияда мәслихат қызметі менің, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері есептерінен бөлек аудан үшін маңызды:
- қылмыстық жағдай, қараусыз жүрген үй жануарлары, ит-мысықтар;
- су тасқынына әзірлік;
- бюджеттің орындалуы;
- вакциналау мәселелері;
- жазғы уақыттағы дала өрттеріне дайындық;
- баға тұрақтаныдыру бойынша жүргізілген шаралар сияқты мәселелер бойынша бөлім басшыларын тыңдап, тиісті тапсырламалар жолдадық.
Сессиялық қызметтің барысында аудандық бюджетті қалыптастыру, орындау, өзгерту және толықтыруға аса көңіл бөлінеді.
2022 жылы аудан бюджеті 5 млрд 223 млн 967 мың теңге қаражат құрды. Бекітілген бюджетке 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар мемлекеттік органдарды ұстауға, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік және коммуналдық шаруашылығы саласын қамтыды. Ағымдағы жылғы 1 қазанға орындалу 4 млрд 870 млн 302 мың теңге құрады.
Қаражаттардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыруға, көшелерді жарықтандыру қызметтері, кіреберіс жолдарды жөндеуге жіберілді.
Сонымен қатар, салық түсімдері 118 пайызға өсіп, 600 млн 410 мың құрады. Бұл сан азаматтық қызметкерлердің жалақыларының өсуі есебінен құрылды.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Тасқала ауылында 18-пәтерлі үй құрылысына қосымша 33 млн 600 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды.
Ұлттық қор есебінен 765 млн 214 мың теңге бөлініп, Ақтау, Бірлік, Достық, Оян ауылдарына кіре беріс жолдар басталып, Атамекен ауылына кіре беріс жол аяқталуда.
Аталған бағдарламалар, бөлінген трансферттер және бюджет қаражатының басқа да шығыстары аудандық мәслихат депутаттарының үнемі бақылауында.
Мәслихат қызметінің екінші бағыты – тұрақты комиссиялар жұмысы.
Сессияда қаралмас бұрын, барлық мәселелер тұрақты комиссияларда қаралып, талқыланды.
Сонымен қатар, наурыз айында депутаттардың сұрауы бойынша комиссиялардың біріккен отырысында жастарға насихат, тарихи құндылықтарды жеткізу мақсатында Азалы ана ескерткішін түзету және мұражай ғимаратын салу қажеттілігі көтерілді. Аталған мәселе аудан әкіміне жеткізіліп, күрделі жөндеу мен ғимарат салуға қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылы мамыр айында, ауылдарда өткен кездесулер нәтижесі бойынша шілде айында аудан бойынша жарамсыз жағдайға келген электр жарығының сымдары, бағандарын жөндеу қажеттіліктерін талқылау мақсатында аудан әкімінің қатысуымен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия электр жүйесі аудандық торабы басшысының міндетін атқарушы, ауылдық округтердің әкімдері мен мастерлері шақырылды.
Отырыста барлық ауылдық округтер бойынша жөндеуі қажет бағандар, атқарылған жұмыстар талқыланып, қажетті құралдар, техника туралы сұраныстар қозғалды. Нәтижесінде:
- аудан әкімі аудандық бюджеттен техникаларды жөндеуге қажетті қаражатты бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды;
- электр тораптары бөлімі өз күштерімен мүмкінідігінше жөндеу жұмыстарын жүргізетінін, облыстық электро тораптары басшылығынан техника, құралдар сұрататынын жеткізді.
Қазіргі уақытта, 3 жаңа трасформатор орнатылды, Бірлік ауылына қосымша 1 трансформатор қойылып, жүйесіне ағымды жөндеу жасалды. Достық, Вавилин ауылдарына электр сымдары жөнделіп, жарамсыз жерлері ауыстырылды. Ақкүтір ауылына дейін электр сымдарына ағымды жөндеу жасалып, трансформатор ауыстырылды. Достық ауылындағы трансформатор заманауи тұрғыда жөнделді.
Депутаттардың қызметтері – мәслихат жұмысының үшінші бағыты
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңына сәйкес мәслихат депутаты, мәслихат құзыретіне қатысты мәселелер бойынша әкімге, сайлау комиссиясына, прокурорға, мемлекеттік орталық және атқарушы органдарға сұраныс жіберуге құқылы.
Қазіргі уақытта, мәслихат депутаттары жергілікті қоғамдастықтармен бірігіп жұмыстанады, халықтың қатысуымен өтетін шараларға қатысады. Нәтижесінде депутат бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалуын қадағалаймыз, халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің басын алады.
Сауалдар
2022 жылы мәслихат депутаттары 58 депутаттық сауал жолдады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 240 пайызға көп.
Сұраныстардағы басты мәселелерді келесідей бөлуге болады:
- құрылыс мәселелері (дене шынықтыру кешені, азалы ана ескерткіші, мұражай ғимараты) - 5;
- аудан тұрғындарын нанмен қамту мақсатында, нан пісіру орнын көбейту – 1;
- мал суару мәселелері (канал тазарту, су дамбасын салу) – 5;
- жол жөндеу мәселелері (ауылішілік, ауылдарға кіре беріс жолдар) -5;
- жұмыспен қамту – 4;
- су мәселелері, соның ішінде тарифтер бойынша – 6;
- жарықтандыру – 4;
- абаттандыру -2;
- басқа да мәселелер -26.
Қазіргі уақытта, сауалдар нәтижесі бойынша дене шынықтыру кешені, азалы ана ескерткіші, мұражай ғимараты құрылыстары ауыспалы тәсілмен биыл басталып, 2023 жылы аяқталуы жоспарланып отыр.
Ауылдарға кіре беріс жолдар басталды. Жарықтандыру, абаттандыру мәселелері шешілді.
Элеквотор күн сайын орталық тұрғындарын қолжетімді ыстық нанмен қамтып отыр.
Ағымдағы жылы 452 жас жұмыспен қамтылса, 155 жастар «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында ақылы қызметке тартылды. Кәсіпкерлікті дамытамыз деген 65 адамға мемлекеттік грант берілді.
Қоғамдық қабылдау
Аудандағы әлеметтік мәселелерді шешуге ат салысу мақсатында әрбір депутат ай сайын қоғамдық қабылдаулар өткізуде.
Қабылдау өткізу тұрақты негізде өткізіліп тұрады. 2022 жылы барлығы 68 қабылдау өткізілді, 70 адам қабылданды. Нәтижесінде 52 мәселе немесе 74 пайызы оң шешіліп, қалғандары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осыдан бөлек мен, аудандық мәслихат хатшысы ретінде аудан әкімімен тоқсан сайын ауылдарға барып мәслихат жұмысы туралы ақпарат беріп, азаматтарды қабылдау өткіземін. Барлығы ауылдарда 25 адамды қабылдадым. Әрбір өтініш бойынша шешілетін мәселе болса, тез арада шешімін тауып, шешілуі ұзақ жағдайда депутаттық сауалдар жібердім.
Демеушілік, қоғамдық жұмыстар
Мәслихат депутаттары өз қызметтерінен бөлек әр түрлі шараларға демеушілік көрсетуден, қоғамдық маңызды шаралардан бас тартпайды.
Сарытау Жолдауұлы, Дәурен Қабдығалиұлы сияқты депутаттар спорттық шараларды қолдап отырады. Оян ауылына көп жылдан бері салынбай жатырған жолды ауыл азаматтары өз қаражаттарына жобалық-сметалық құжаттар жасап, жолға күрделі жөндеу келесі жолға жоспарланып отыр, осы жұмысқа да Дәурен Қабдығалиұлы үлесін қосты.
Бірлік ауылының мектебін жарықтандыруға біздің ауданымыздан облыс депутаты Ликеров демеушілік көрсетіп, Нариман Дүйсекешұлы жарықтандыру жұмыстарын толық бақылауға алып, аяқтатты.
Мерекелер қарсаңында өтетін «Ардагерлерді ардақтайық», «Балалар күні», «Мектепке жол», «Қариялар күні», «Мейірбандық айлығы» акцияларынан да депутаттар тыс қалмай, барынша көмек көресетіп отыр.
Үгіт-насихат жүргізу, Жолдаулармен, жаңа бағдарламалармен аудан тұрғындарын таныстыру да депутаттардың қатысуымен өтеді.
Өткен жылы, еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында, маслихат та өз үлесін қосу мақсатында депутаттардың демеушілігімен аудан тұрғындары арасында мал асырау, аула тазалығын насихаттау мақсатында «Үздік аула – 2021» конкурсы ұйымдастырылды, нәтижесінде 650000 теңгеге марапат берілді.
2021 жылдан бері қоғамдық картоп акция ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыс та аудан халқын қосалқы шаруашылықты дамытуға бағытталған шаралардың бірі.
Жариялымдар, әлеуметтік желі
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің арқасында халықпен тиімді кері қатынас байланысы орнатылды. Фейсбук, инстаграм желілерінде тек аудандық мәслихаттың емес, барлық депутаттарының парақшалары ашылып, жұмыс істеуде. Депутаттар барлық атқарылған қызметтерімен оқырмандарымен бөлісіп отырады.
Мәслихат сайтында, парақшаларында жедел түрде барлық атқарылған жұмыстар, шаралар жаряиланып отырады.
Депутаттардың жұмысы аудандық «Екпін» газетінің бетінде де «Депутат келбеті» айдарымен өткізілген сессиялар, депутаттардың кездесулері, басқа да жұмыстары жарияланып отырады.
Соынмен қатар, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 142 тармағына сәйкес мәслихат сессиялары aitube.kz платформасындағы аккаунтта, фейсбук парақшасында тікелей эфирде түсіріліп отырады. Ағымдағы жылы 9 сессия онлайн трансляция режимінде өтті.
Есеп берулер
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңнамасына және маслихат регламентіне енгізілген өзгерістерге сәйкес маслихат хатшысы жылына кемінде бір рет қоғамдастық жиындардың алдында есеп береді. Осы мақсатта, тоқсан сайын аудан әкімінің кестесімен бірге ауылдарға шығып, мәслихат қызметі туралы халықты ақпараттандырып отырмын. Тек есеп беріп қоймай, азаматтарды қабылдау өткіземін. 2022 жылы 25 қабылдау өткіздім.
Сонымен қатар, мен де, басқа депутаттар тоқсанына бір рет Фейсбуктағы өз парақшаларымызда Тікелей эфир жүргізіп отырамыз.
Депутаттар тұрықты түрде аудандағы жағдайды жан жақты зерттеп, сараптап отырады. Қажеттілігіне қарай, тиісті мекемелерге сауалдар жібереді, кездесулер өткізеді.
Ағымдағы жылы, мәслихат депутаттары маслихат тарихында алғаш рет біліктілік арттыру семинарлары қатысып, куәліктерін алды. Бұл да депутаттық қызметті тиімді атқару мақсатында жүргізілген шаралардың бірі.
Қоғамдық кеңеспен бірге атқарылған жұмыстар
Аудандық мәслихаттың құрамдас бөлігі- аудандық Қоғамдық кеңес.
2021 жылдың желтоқсан айында Қоғамдық кеңестің 3 шақырылымын қалыптастыру басталып, ағымдағы жылы 17 ақпан күні мәслихат шешімімен құрамы бекітілді. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңес 10 адам құрамында қызмет атқарады және әрбір ауылдың қоғамдастық жиналыстарымен тығыз байланыста болады.
Осы күнге дейін Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өтіп, 24 мәселе қаралды. Оның 6-ы мәслихат шешімдерінің жобалары.
Алдағы уақытта қызметін жемісті жалғастырады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, аудан әкіміне, депутаттық корпусқа, аудан активына ауданымыздың дамуына салған үлестеріне алғыс білдіремін.
Аудандық мәслихат алдағы уақытта да қызметін жақсартып, жетілдіреді, атқарушы органдармен қарым қатынастарды бекітіп, аудан дамуына барынша қызмет көрсететіне сендіремін. Бізде ол үшін мүмкіндіктер, жауапкершілік, біліктілік те бар.
Аудандық мәслихаттың 2022 жылы атқарған жұмыстары осындай. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.
Жұмыс саласы бойынша депутаттық корпус құрамы келесі: мәслихат хатшысы -1, ауыл шаруашылығы саласынан – 5, білім саласынан -1 , денсаулық саласынан – 1, мемлекеттік органна – 1, кәсіпкер -1, қоғамдық бірлестіктен -1.
Все реакции:
Киреева Аделя, Берхаир Сембиев и ещё 1
 
 
Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
01 февраля 2023
Тип
Доклад

Сейчас читают

21 октября 2026
Список депутатов I созыва , 24 марта 1994г по 29 октября 1999г
Информация
21 октября 2026
Список депутатов II созыва районного маслихата с 29 октября 1999 года по 26 сентября 2003 год
Информация
21 октября 2026
Список депутатов III созыва районного маслихата, с 26 сентября 2003 года по 2 сентября 2007 годы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы