"МЕКТЕП-GREEN OASES"
«Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ – не қарасты білім беру ұйымдарының арасында 2022-2023 оқу жылы қарсаңында «Мектеп - Qreen Oases» жобасы іске асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты: 2022-2024 жылдары аралығында мектеп іші мен мектеп жанындағы ауланы абаттандыру және көгалдандыру, баланы еңбекқорлыққа, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Жоба бойынша 1734 көпжылдық ағаштар мен жеміс ағаштары,1221 бау-бақша жемістері отырғызылды.
Атап айтқанда 294 түп қара ағаш, 220 түп шырша, 155 түп таңқурай, 70 түп сирень ағашы, 273 түп алма ағашы, 150 түп қарағай, 147 түп шие,22 түп павлонья, 60 түп ағашы өрік ағашы, 10 түп итмұрын, 12 түп қайың, 276 түп қарақат, 45 түп бүлдірген көшеттері отырғызылды.
Бау – бақша жемістерінен 388 түп қызанақ, 385 түп қияр, 199 түп тәтті бұрыш, 124 түп орамжапырақ, 125 түп сарымсақ, 19 қатар қызылша, 20 қатар сәбіз, 47 қатар картоп отырғызылды. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдары жобаның бағыттарына сәйкес жұмыстар атқаруда.