Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Амал мерекесі 14-наурыз.

Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ренішті ұмыттырып, адамдарды жақындастыратын дәстүр.

Амал күні - көктемнің басталуын, жаңа жыл мен табиғаттың жаңаруын білдіретін күн. Бұл мереке адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, бір -бірімен кездесіп, аман - саулық сұрасып, тілек айту күні.

Өткен жылдан жаңа жылға есен-сау жеткендігіне шүкір етіп, қытымыр қыстың кері шегініп, жер аяғы кеңіп, жер-дүниенің гүлденіп, ел бұл күні қол алыса жамырай көрісіп, құшақ айқастыра жадырай қауышатын амал мерекесі құтты болсын!!!
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында көрісу күні жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.