25-қазан Республика күні

25-қазан Республика күні

Сіздерді 25-қазан Ұлттық мереке- Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар айтулы мереке.
Әр азамат бұл күнді жүрегінде ел үшін, мемлекет үшін оның тәуелсіздігінің басталған және баянды болуын сипаттайтын күн ретінде қабылдайды.
Мемлекеттің дамуына үлес қосып атқарып жатқан қызметтеріңіз әрқашан құрметке ие.
Мемлекеттің тұғыры биік, болашағы баянды, абыройы асқақ болсын!
Отбасыңызға бақыт, деніңізге саулық тілеймін.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Құрметпен "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы С. Дауытбаева.