Бесінші шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары: (2012-2016 жылдар)

Тырнақбаев Макен 1952 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Жаңғызтал ауылында дүниеге келген.

1970 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітірген.

1978-1997 жылдары Тарбағатай ауданы Ласты совхозында гидротехник, Тарбағатай аудандық «Сельхозхимия»бірлестігінің орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының агрохимигі, Шілікті совхозының бас агрономы, Шілікті совхозының партия ұйымының хатшысы, Тарбағатай аудандық агрохимиялық қызмет көрсету бірлестігінің төрағасы, Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас агроном қызметінде болған.

1998-1999 жылдары «Ермек»шаруа қожалығының жетекшісі болған.

1999-2016 жылдары АШМ Тарбағатай аудандық аумақтық басқарма бастығының орынбасары, Фитосанитариялық методикалық болжамдар орталығының директоры, Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бастығы,Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, АШМ «Казсушар» мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы Ақжар өндірістік учаскісінің бастығы қызметтерін атқарған.

V шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Марапаттары: Облыстық басқармадан,партия комитетінен, «ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығының»,Тарбағатай аудандық мәслихатының, «Казсушар» РМҚ-ның ШҚ филиалының, ШҚ облыстық мәслихатының, Тарбағатай ауданы әкімінің, «Нұротан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің алғыс хаттары мен мадақтама грамоталарымен марапатталған.

 

Жарияланған күні

06 қазан 2023

Жаңарту күні

06 қазан 2023