Тұрғындарға үйге газ тарту жұмыстарын түсіндіру мақсатында Каз Транс Газ Аймақ, үй ішілік құбыр тартатын өкілдерімен 8 кездесу ұйымдастырылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында ауқымды жоба- «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы небір қиындықтарды артқа тастап, мақсатқа жетті деп айтуға болады. Қазірдің өзінде бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ауыз толтырып айтуға болады. Соның бірі- Қызылордадан еліміздің бас қаласына тартылған газ құбыры бойынан Жезқазған аймағын газбен қамту мақсатында автоматты газ тарату стансасы АГТС салынған болатын.
Қазір магистральді құбырдан газ келіп тұр.