Аудандық (қалалық) соттың кеңсе меңгерушісі, 5 бірлік; Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына - 1 бірлік; Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 1 бірлік; Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына – 1 бірлік; Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - 1 бірлік (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне 30.05.2024ж. дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімінің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар); Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотына – 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

«Бизнес, басқару және құқық» (құқық) бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

сот кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, хатшылық құрамның, мұрағаттың жұмысына басшылық жасау; алғашқы статистикалық есептерді жасау құжаттарына және мемлекеттік статистикалық есептердің орындалуына басшылық жасау; соттың жұмыс жоспарын жасау, ҚР Жоғары Сотының, ҚР Жоғары Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғары Сотының аппараты) тапсырмалары мен өкімдерін орындау, істердің, заттай айғақтардың  сақталуын қамтамасыз ету, есебін жүргізу, қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу, компьютер мен ұйымдастыру техникасында жұмыс істей білу,смот төрағасының басқа да тапсырмаларын орындау, сот кеңсесінің жұмысын білу. (блок Б)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2022 – 20.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 42 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(7102) 76-78-78