Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы, (В-5-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

бөлімнің жұмысын басқару және ұйымдастыру, қызметін жоспарлау. Басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру. Облыс бойынша судьялар мен сот қызметкерлерінің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жергілікті соттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу. Жергілікті соттардағы ішкі қауіпсіздік қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бақылаудағы тапсырмаларды орындау.

Жарияланған күні: 28.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2020 – 02.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 53А

    Анықтама алу үшін байланыс

    (87282) 55-87-73, 55-87-75