Жамбыл облысы Шу аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы, НС-12-8-2.

Мемлекеттік орган

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-R-5 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

121353

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

(Лауазым деңгейі блок С-1) Қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардыңсақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу және құжаттарарасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады;қызметтікхат алмасуды жүргізу;ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу;сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақытылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін«Төрелік» бағдарламасына енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау; материалдарды автоматты түрде бөлу;апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бipгe істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыру, апелляциялық қарауға сотқа түскен қылмыстық және азаматтық істерге «Төрелік» бағдарламасында есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақытылы толтыру, бірінші сатылы сот инстанциясының сот актілерін сканерден өткізу, есептік тіркеу карточкаларына енгізу және оларды сайтқа орналастыру; келіп түскен хат-хабарлардың сәйкес орындаушыға келесі күннен кешікпей журналға сенімхат жазумен жіберілуін қамтамасыз етеді; іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды, сот төрағасының және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстарды орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.07.2022 – 15.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.07.2022

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Төле би көшесі № 90 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(7262) 999133, 999135