Атырау облысы Исатай аудандық соты кеңсесінің бас маманы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 02.10.2024 жылға дейін)
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент
Атырау облысы
153751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
БЛОК (С).
Келіп түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алу және тіркеу, оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот практикасын талдауға қатысу; соттың жедел кеңесін дайындау, хаттамасын жүргізу; жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; республиканың басқа соттарының және халықаралық келісімдерге сәйкес келіп түскен шет мемлекеттердің сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізу; сот төрағасы жүзеге асыратын азаматтар қабылдауын тіркеу және есепке алу; қылмыстық істер мен материалдар бойынша ісқағаздарын жүргізу; қылмыстық істер мен материалдарды есепке алу және сақтау; нарядтарды, журналдарды, карточкаларды, әліпбилік нұсқауларды жүргізу; істерді сот кеңсесіне уақытында тапсырылуын және істердің апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге жоғары тұрған сотқа жіберілуін бақылау; істерді жіберу туралы жоғары тұрған соттардың сұрауларын уақытында орындау; сот үкімдерін, шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын орындау бойынша құжаттарды дайындау; заттай дәлелдемелерді тіркеу, есепке алу; аяқталған істерді, журналдар мен карточкаларды дайындау және мұрағатқа тапсыру; сот төрағасының, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2022
- Атырау қаласы, Сатпаев көшесі 62, Атырау облыстық сотының ғимараты
-
8 (7122) 55-82-23, 55-82-14