Орал қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.К.Жәнібекованың бала күту демалысы кезеңіне 2023 жылдың 15 шілде айына дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы)
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент
Батыс Қазақстан облысы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ -де өтеді. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Қосымша ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Функционалды міндеттер
Сотқа түсетін ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алу мен тіркеу және оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау; электронды нарядтарды, журналдарды (қажеттілік жағдайларында қағаз түрінде), электронды-ақпараттық есепке алу карточкаларын (бұдан әрі - ЕЕАҚ), алфавиттік сілтемелерді жүргізу; сот мұрағатының жұмыстарын жүргізу; қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және материалдарды тіркеу, есепке алу және сақтау; сот істерін, материалдар мен талап арыздарын автоматты түрде бөлу; жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есепті әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.12.2021
- «Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 204 үй,
-
8 (7112) 55-47-62, 8 (7112) 55-47-63