Қаржы бөлімінің бас маманы (1 бірлік - негізгі қызметкер бала күтімі байланысты демалыс мерзімі 30.06.2023 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) саласындағы жоғары білім.
Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында не «Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе )жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Функционалды міндеттер
Өткізілетін ақша қаражаты бойынша инвентаризацияға қатысу; мемориялдық ордер жасау; материалдық қаражатты үнемдеуге ұсыныс беру; ай сайынғы еңбек ақыны уақытылы есептеу; тиісті органдарға белгіленген мерзімде есеп беру; бухгалтерлік есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету; еңбек ақы, салық және зейнетақы қорына аударылатын қаржының дұрыс есептелуіне қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 36, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Б блок, 2 қабат, 220 кабинет (онлайн)
-
8-7172-71-05-87 ішкі (0201)