Темір аудандық сотының кеңсе меңгерушісі (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 01.04.2022 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

142461 - 192366

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Сот қызметкерлері арасында жұмысты және міндеттерді бөлу және олардың өз міндеттерін орындауын бақылау; сот қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібіне бақылауды жүзеге асыру; кіріс хат-хабарларын қабылдауды ұйымдастыру; істерді, материалдарды, арыздарды, шағымдарды автоматты түрде бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; сот төрағасы өкімдерінің нарядтарын жүргізу; қылмыстық, азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, материалдар, азаматтардың өтініштері және т.б. бойынша ақпараттық есепке алу құжаттардың жүргізілуін, мемлекеттік статистикалық есептердің дұрыс және уақытылы жасалуына бақылауды жүзеге асыру, республиканың басқа соттарының және халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; қылмыстық, азаматтық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, материалдарды, заттай дәлелдемелерді есепке алу және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот Аппараты) және оның аумақтық органының тапсырмалары мен бұйрықтарының, жоғары тұрған соттардың өкімдерінің, нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; соттың кеңсе қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін әзірлеу және бөлу. Сотта материалдық құңдылықтарды қабылдау, сақтау және беру үшін жауапкершілік толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт арқылы кеңсе меңгерушісіне жүктеледі; автоматтандырылған жұмыс орнын жүргізуді ұйымдастыру;кодификацияны жүргізуді ұйымдастыру; аудандық сот төрағасының, судьялардың және соттар әкімшісі басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.07.2021 – 09.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.07.2021

Сұхбаттасу орны

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі" РММ, 030019, Ақтөбе қаласы, Сатпаев көшесі, 2 «Б»

Анықтама алу үшін байланыс

 

8(7132) 70-48-12

Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша  шағымдануға құқылысыз.