Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-2 (Басшының орынбасары)

Орташа лауазымдық айлықақы

163166 - 220682

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүзеге асыру; кадрлық потенциалды қалыптастыру және облыстық соттың, Соттар әкімшісінің кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыру; судьялардың және сот қызметкерлерінің  сот оқуын, біліктілігін арттыру, сот оқуын, олардың тағлымдамадан өтуі  жұмысын қамтамасыз ету; облыстық судьяларының сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; облыстық соттардың қызметін, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Облыстық соттар төрағасының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; соттар әкімшісі қызметкерлерінің құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауын қамтамасыз ету; облыс соттарының және Соттар әкімшісінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу жөніндегі жұмысты және облыс соттарының мұрағат жұмысын бақылау; облыстық соттың ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнамаларды жүйелеу және кодификациялау жөніндегі жұмыстарын үйлестіру, өз құзыреті шегінде судьялар мен соттар қызметкерлері жүктемелерінің нормативтерін әзірлеуге қатысу, облыс (қала) соттарында мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырц және бақылау, облыстық соттың қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2021 – 28.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.06.2021

Сұхбаттасу орны

қашықтықтан

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-71-00-57