Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы лауазымына (01.01.2022 жылғы дейін негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыста болу мерзіміне, Н-1-3-2)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Жамбыл облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі
Функционалды міндеттер
Конкурс арқылы жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілердің құжаттарын ресімдейді; облыс соттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мәліметтерінің «Кадр құрамы» атты кадрларды ақпараттық есепке алу жүйесін, жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізеді және Е-кадрлар ақпараттық жүйесінің дұрыс толтырылуына жауапты; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін өткізеді және журналын жүргізеді; келісім шартпен жұмысқа қабылданатын жұмысшылармен келісім-шарт қорытындысын қамтамасыз етеді, «Кадр құрамы» атты ақпараттық есепке алу жүйесін, жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізеді және олардың бос орындарына есеп жүргізеді; Мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының табыстары туралы декларацияларды уақытылы өткізілуін ұйымдастырады; Төрелік жүйесінде жеке құрам және өндірістік қызмет бойынша бұйрықтарды қалыптастырады; мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және есебін жүргізеді; студент-білімгерлерді аудандық және оған теңестірілген соттарда тәжірибеден өту жұмыстарын ұйымдастырады; «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмысқа қабылданатын мамандардың құжаттарын әзірлейді, еңбек кітапшаларын жүргізеді, тізімін жасайды; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ID-карталары мен смарт-карталарын қабылдап-алу, беру есебін жүргізеді; облыс соттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттаудан өтуін қамтамасыз етеді, оған қатысты статистикалық есептерді дайындайды; Мемлекеттік қызметшілерге және басқа қызметкерлерге қатысты анықтамалар, ұсыныстар, мінездемелер және т.б. құжаттарды әзірлейді;мемлекеттік қызметшілердің тәлімгерлігінұйымдастырады Төрелік жүйесінде тиісті есепке алу, тіркеу кәртішкелерін мезгілінде және тиісті түрде толтырады; мұрағатқа өткізілетін құжаттарды есепке алу жұмыстарын жүргізеді
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.05.2021
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 143
-
8 7262 999 135