Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, индексі №05-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық

Қосымша талаптар

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және есеп және аудит немесе қаржы немесе менеджмент) немесе құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына басшылық етеді, бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерді мүлтіксіз орындауы үшін жауапкершілік көтереді.

     Департаментке күрделі және ағымдағы жөндеулер жөніндегі бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады, сот кеңсесінің балансындағы ғимараттар мен үй-жайлардың, сондай-ақ жалға алынған үй-жайлардың жай-күйін жергілікті соттардың коменданттарымен бірге бақылауды жүзеге асырады,  жергілікті соттардың әкімшілік ғимараттары мен үй-жайларын қабылдап өткізуді, сондай-ақ оларды Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуді  және қайта тіркеуді жүзеге асырады,  тұрғын үйді жекешелендіру жұмыстарын жүргізеді.

     Жергілікті соттарды кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі өтінімдерді уақытылы орындайды, бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және басшылықтың бекітуіне ұсынады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.03.2021 – 30.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы, Әйтеке би 29, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7242) 55-12-09