Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі бас маманы - баспасөз қызметінің маманы лауазымы (С-О-5 санаты, 30.06.2021 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, Н-1-9-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын,«Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Облыстық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы», «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесісін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі

Функционалды міндеттер

Іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуге;  Бөлімнің жұмыс жоспарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) бақылаудағы тапсырмаларын орындауға; Өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) соттардың қызметін жарыққа шығару мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға; Өз құзыреті шегінде БАҚ-пен және журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, соттардың қызметін жарыққа шығару бойынша БАҚ қызметкерлерінің тәжірибесін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге қатысуға; Шығарылған сот шешімдеріне және сот жүйесінің қызметіне қатысты  БАҚ-тан сауалдар келіп түскен кезде «БАҚ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жауаптар дайындауды қамтамасыз етуге; Сот қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға; Сот процестерінде және сот өткізетін іс-шараларда БАҚ өкілдерін аккредиттеуді  ұйымдастыруға; Баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыруға және БАҚ-қа ақпараттық хабарламалардың баспасөз релиздерін дайындауға және таратуға; Облыстық соттың веб-сайтының уақытында және сапалы ақпаратпен толығуын және жаңартылуын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында өңірдегі жергілікті соттардың қызметі жөніндегі жаңалық ақпараттар мен бейнесюжеттердің орналастырылуын жүзеге асыруға; Республикалық және өңірлік БАҚ, сондай-ақ Интернет-ресурстар материалдарына күн сайын мониторинг жүргізуге, сот саласындағы оқиғалар бойынша баспасөз дайджестерін дайындауға; БАҚ үшін сот пен кеңсенің қызметі туралы ақпараттық-талдау және анықтамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз етуге; Соттарға деген қоғамдық сенімді көтеру жөнінде ақпараттық-имидждік жұмысты әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етуге; Баспасөз қызметінің жұмысын жақсарту және ақпараттық-имидждік жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етуге

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.02.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.02.2021 – 10.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.02.2021

Сұхбаттасу орны

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 143

Анықтама алу үшін байланыс

8 7262 999 135