Есіл аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне 30.08.2023 жылға дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Ақмола облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Сотта судьялардың, куәгерлердің және сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сотта процессуалдық әрекеттердің орындалуына ықпал жасау; сот отырысы залында және кеңесу бөлмесінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау; судьяның тапсырысы бойынша қылмыстық істерді және заттай дәлелмелерді жеткізу және сот талқылауын соттан тыс жерінде өткізуде олардың сақталуын қамтамасыз ету; сотқа келмеген тұлғаларды мәжбүрлеп әкелу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.01.2021
- Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8 (7162) 55-97-69, 55-97-53