Шу аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы (НС-12-8-4, 24.01.2021 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Жамбыл облысы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Облыстық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы», «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесісін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі
Функционалды міндеттер
Қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу және құжаттар арасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады; қызметтік хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу; сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақтылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау; материалдарды автоматты түрде бөлу; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бipгe істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыру, апелляциялық қарауға сотқа түскен қылмыстық және азаматтық істерге «Төрелік» бағдарламасында есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақтылы толтыру, бірінші сатылы сот инстанциясының сот актілерін сканерден өткізу, есептік тіркеу карточкаларына енгізу және оларды сайтқа орналастыру; келіп түскен хат-хабарлардың сәйкес орындаушыға келесі күннен кешікпей журналға сенімхат жазумен жіберілуін қамтамасыз етеді; іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды, төрағаның және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бойынша басқа да кеңсе жұмыстарын орындайды; сот істерін жіберу жөнінде хат алмасудың бақылауын жүзеге асырады; соттың материалдық-техникалық арсеналының сақталуын қамтамасыз етеді; сот қызметкерлерін кеңсе заттарымен, бланкілермен және т.б. қамтамасыз етеді; сантехниктің, электриктің қызметін ұйымдастырады және бақылайды; құрал-жабдықтардың, кеңсе заттарының қажеттілігін анықтайды; Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды, ол жөнінде есеп береді
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.11.2020
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 143
-
8 7262 999 135