Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес(экономика немемсе қаржы немесе есеп және аудит) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, есептік құрал, бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
- тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісіне тапсырылуы тиіс.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілері, баспасөз хатшылары конкурс өткізілместен мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Бұл ретте, ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу туралы хабардар жіберілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не 727-0201@sud.kz (10мб. аспайтын) электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясының хатшысымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
_________________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейне жазбасын
Транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауапберемін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Функционалды міндеттер
Алматы қ. жергілікті соттарына материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, Алматы қалалық сотының жергілікті соттарының және Кеңсесінің материалдық-шаруашылық қызметінің жүргізу, материалдық құндылықтар мен басқа да мүліктерді бөлу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, ведомствоға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету істері жағдайына талдау, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік сатып алулар бойынша бухгалтерлік есеп беруді жасау, шарттар жобаларын дайындау. Бухгалтерлік есеп, жоспарлау және есеп берумен байланысты жұмыстарды жүргізу. Сәйкес ұсыныстарды енгізу. Іс номенклатурасын жүргізу, ісқағаздарды жүргізу, бөлім жұмысы туралы анықтамалар мен есеп берулерді жасау. Ағымдағы және келесі жылға шығындар жобаларын штаттық кестелерді жасау. Материалды-жауапты тұлғалардың есептерді қабылдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 66
-
8 (727) 330-91-22, факс: 8 (727) 330-87-97