Құжат айналымы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған мерзіміне – 23.09.2025 жылға дейін).
ҚР Сот әкімшілігі
Атырау облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Кіріс хат-хабарларын қабылдау мен тіркеуді; кіріс хат-хабарларын жүйелендіру мен бөлуді; шығыс хат-хабарларын және сот істерін тіркеуді, жүйелендіруді, жөнелтуді; облыстық сот төрағасының, департамент басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдық- техникалық қамтамасыз етуді; облыстық сот төрағасының, департамент басшысының және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Сот әкімшілігінің бақылаудағы тапсырмаларының орындалуын бақылау; Жоғары Соттың, Сот әкімшілігінің бақылау тапсырмаларын орындау бойынша орындаушылық тәртіптің жай-күйін талдауды; сот істері мен қызметтің құжаттардың қозғалысы бойынша «Төрелік» АЖ-ға мәліметтерді уақытылы енгізуді; қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тиісті алқада қаралғаннан кейін, сондай-ақ, сот практикасы қорытуларын жүргізгеннен және тексергеннен кейін бірінші сатыдағы соттарға жіберуді; кеңсе қызметкерлеріне іс қағаздарын жүргізуде және«Төрелік» АЖ пайдалануда әдістемелік көмекті; облыстық сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыруды; облыстық соттың статистикасын жүргізуді және ҚЖжАЕК басқармасымен сот статистикасын жүргізу бойынша өзара іс- қимылды; жолданымдарды қарау мерзімдерін бақылауды; облыстық сот төрағасының, департамент басшысының, бөлім басшысының, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша өзге де жұмысты орындауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.09.2025
- Атырау қаласы, К.Сатпаев көшесі 62, Атырау облыстық сотының ғимараты.
-
8 (7122) 55-82-23, 55-82-14