Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы (негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалысы 22.04.2021ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Астана қаласы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, құқық және экономика негіздері), техникалық ғылымдар және технологиядар саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім, немесе техникалық және кәсіптік білім.Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында не «Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Функционалды міндеттер
Кіріс хат-хабарды, соның ішінде қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қабылдау мен тіркеуді, оны өңдеуді, істерді, арыздарды, шағымдарды қабылдаған кезде істердегі, талап арыз материалдарындағы, шағымдардағы құжаттардың толықтығын, қоса берілген құжаттардың тізімдемеге сәйкестігін тексеруді және оларды сақтауды жүзеге асыру. «Кіріс» және «шығыс» белгілері бар соттың мөртаңбасының сақталуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету. Кіріс хат-хабарларды орындаудың бақылау мерзімдерін белгілеуді қамтамасыз ету. Кіріс хат-хабарлардың судьялар мен сот қызметкерлеріне уақытында жеткізілуін қамтамасыз ету
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі 32, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Б блок, 2 қабат, 234 кабинет.
-
7172-71-05-87 ішкі (0202)