ҚР Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маман-сот отырысының хатшысы -3 бірлік.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Істі сот талқылауына дайындауда қажетті жұмыстарды атқару,сот отырысының хаттамаларын жүргізу, журналдарды нұсқаулыққа сәйкес толтыру және жүргізу, атқару құжаттарының көшірмесін дайындау, қаулылар мен үкімдердің көшірмелерін тапсыру, сұранымдар мен хаттар дайындау, шақыру қағаздарын жіберу, сотқа қатысушыларды шақыру, сотталушылардың жеткізілуін қамтамасыз ету.Судьялардың азаматтарды қабылдау кезіндегі қажетті жұмыстарын орындау; іс жүргізуге қатысты қатысушылармен куәларды шақырту; сот отырысының хаттамаларын жүргізуге; қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және материалдарды қарағаннан кейін рәсімдеу; сот үкімдерін, шешімдерін, қаулыларды, ұйғарымдарды орындауға жолдауға және орындауын қадағалауға; сот кеңсесіне істерді уақытылы өткізуге және апелляциялық шағымдармен бірге істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыруға; сот актілерін заттай дәлелдемелер бөлімінде уақытында орындауға; «Төрелік» бағдарламасы бойынша барлық қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және материалдарды кеңсеге тапсырғанға дейін толық енгізуге және ақпараттық есептік құжаттардың барлық реквизиттерін толық толтыруға; жұмыс жоспарлары бойынша көзделген шараларды көрсетілген мерзімде орындауға; статистикалық есептердің толықтығы мен анықтығы үшін сот әкімшісінің басшысы мен жауапты; сот төрағасының жеке сұрақтар мен азаматтарды қабылдауын есепке алу журналын жүргізуін жүктеуге; облыстық сотының, департамент сот әкімшісінің, сот төрағасының, судьялардың, сот әкімшісінің басқа да тапсырмаларын орындау; сот отырыстарын өткізу кезінде, материалдарды қарау кезінде алынған ақпаратты, сондай-ақ алынған қызметтік ақпаратты құпиялылықта сақтау міндеті;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г.Жезказган ул.Гагарина 42
-
87478801917, 87712873232