Теректі аудандық соты әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы
ҚР Сот әкімшілігі
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
Бизнес, басқару және құқық (құқық), педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері), сот және сот төрелігі.
Функционалды міндеттер
Cудьялардың азаматтарды қабылдауында тиісті жұмыстар атқарады (сұраныстар, хаттар, сотқа шақыру қағазынан көшірме дайындау), процеске қатысушыларды және куәгерлерді шақырады; сот отырысында қарауға белгіленген істердің тізімін жасайды және іледі; сот отырысына шақырылған тұлғалардың келуін тексереді және сотқа шақыру қағаздарына сотта болғаны және уақыты жөнінде белгі қояды; сот отырыстарының хаттамаларын жүргізеді; сот істерін қаралғаннан кейін рәсімдейді, оларды мұрағатқа тапсыруға дайындайды; қарау нәтижесі туралы сот отырысында қарауға белгіленген істер есебінің журналында белгі жасайды, төрағаның, судьяның және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындайды. Сот үкімін, шешімін, анықтамасын, қаулысын орындау жөнінде құжаттар дайындайды және оларды жібереді; сот шешімін тез орындауға жататын істердің шешімдері бойынша атқару құжаттарын жазып береді.Сот әкімшісі басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
711-0203@sud.kz
- 21.05.2025
- «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 204 үй,
-
8 (7112) 55-47-63