ҚР Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы - 1 бірлік;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтайды;Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарайды; Оған берілген құқықтар шегінде және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады; Атқарушылық және еңбек тәртiбiн сақтайды; Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген шектеулерді өзіне қабылдайды; Заңнамада белгiленген қызмет әдебінің нормаларын сақтайды; Жоғары тұрған лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктері шегiнде шығарған бұйрықтары мен өкiмдерін, шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтайды; Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтайды және олардан, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпейді; Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етеді; Қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттырады; Сот приставтарының жұмысын және сот ғимаратындағы өткізу режиміндегі тәртіпті қамтамасыз етуді бақылайды; Облыстағы соттардың сот приставтарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді (объектіішілік және өткізу режимдерін ұйымдастыруда, соттарды ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және т.б.); Ішкі қауіпсіздікті, судьялар мен облыстағы сот қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз етеді; Қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болуымен байланысты шектеулерді, еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді; Сот ғимаратындағы өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады; Соттың ғимаратын қорғау жөніндегі, өткізу және объектішілік режим мәселелері бойынша полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; Судьялар мен облыстағы сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері, процестік емес қарым-қатынастар, сондай-ақ облыстағы соттардың ішкі қауіпсіздігіне қауіп тудыратын оқиғалар мен адамдар туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды жүзеге асырады; Құқық қорғау органдарымен, арнайы өзге де мемлекеттік органдармен судьялар мен облыстық сот қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттері туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады; Мемлекеттік және қызметтің құпияны құрайтын мәліметтердің таралу, берілу фактілерін анықтайды және олардың жолын кеседі; Судьялар мен сот қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттері туралы өзіне мәлім болған ақпаратты Бөлім басшысының не Департамент Бөлімі басшылығының назарына дереу жеткізеді; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, судьялар мен сот қызметкерлері тарапынан процестік емес байланыстарды ескерту және алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады; Судьялар мен облыстағы сот қызметкерлері жол берген сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілері, азаматтардың сенім телефонына хабарласу фактілері, сондай-ақ судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдар бойынша кадр қызметімен бірлесіп қызметтік тексерулерге қатысады, олардың нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізеді; Мемлекеттік қызметке кіретін, ауысу тәртібімен тағайындалған адамдарға сұрау салулар бойынша Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) басқармасымен өзара іс-қимыл жасайды; Судьялар мен сот қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ҚСжАЕК басқармасымен тоқсан сайын салыстыру актілерін жүргізу; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаментпен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен хат-хабар алысады;Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Құқыққа қарсы мақсаты бар адамдардың соттарға кіруінің алдын алу бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп іс-шаралар өткізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі 42
-
87712873232,
87478801917