Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маман - сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 04.01.2026 жылға дейін)
ҚР Сот әкімшілігі
Атырау облысы
210087
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Судьяның сот талқылауына істі дайындау кезінде қажетті жұмыстарды орындау (сұрау салуларды, хаттарды, соттың шақыру қағаздарының көшірмелерін дайындау және т.б.); процеске қатысушыларды және куәларды шақыру; істерді қараудың апта сайынғы кестесін жасау және оны сот кеңсесіне беру; сот отырысына келген адамдардың келуін тексеру және олардың шақыру қағаздарына сотта болу уақытын белгілеу; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; оның толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілік көтеру;процеске қатысушыларға заңда белгіленген мерзімдерде тапсыруға жататын сот актілерінің көшірмелерін (шешімдерін, үкімдерін, қаулыларын) тарату немесе беру; процеске қатысушыларға және тараптарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарсылық беруге құқығын түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтың көшірмелерін жіберу және хабарлау;үкімдерді, шешімдерді, сот бұйрықтары мен сот қаулыларын орындауға жолдау; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жіберу;процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сотта істің тыңдалатын күні туралы хабарлау; сот істерін белгіленген мерзімдерде сот кеңсесіне тапсыру; сот төрағасының, судьялардың, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.02.2025
- Атырау қаласы, К.Сатпаев көшесі 62, Атырау облыстық сотының ғимараты.
-
8 (7122) 55-82-23, 55-82-14