Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) бас маманы (16.04.2025 жылға дейін негізгі қызметкердің жүктілігі мен босануына байланысты демалыста болу мерзіміне), Н-1-3-2.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

245536

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

(Лауазым деңгейі блок В-4) Кадрларды есепке алудың ақпараттық жүйесін есепке алуды; судьялардың, мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің жеке істерін ресімдеу және жүргізуді; мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізуді ұйымдастыру; облыстық сот төрағасының өкімдерін дайындауды; мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік іс жүргізу бойынша қызметтік тергеуді; аттестациялау материалдарын, жыл сайынғы бағалау бойынша материалдарды ресімдеуді, сондай-ақ бағалау қорытындылары бойынша есептер дайындауды; жергілікті соттардың судьялары мен мамандарының өтілдерін есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізуді және оларға хаттамаларды жасауды; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚС АЕК) басқармасымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарымен арнайы тексерулер жүргізу бойынша өзара іс-қимылды; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен кадр мәселелері бойынша өзара қатынас (мемлекеттік қызметшілер саны бойынша статистикалық есептерді, өткізілген конкурстар қорытындысы бойынша есептерді жасау); судьялардың, мемлекеттік қызметшілердің штат және нақты санын құруды, судьялыққа кандидаттардың тағылымдамасынан өткен және өтіп жатқан адамдарды есепке алуды; судьялар мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резерві бойынша жұмысты жүргізуді; судьяның орнынан түсу құқығын растау немесе оның орнынан түсуін тоқтату туралы; кәсіби жарамдылығын айқындау туралы; тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалдар бойынша құжаттарды Сот алқасына дйындау және жіберуді; әскери есепке алуды жүргізуді; әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді; Департаменттің бұйрықтарын дайындауды, еңбекке жарамсыздық қағаздарын тіркеу және еңбек кітапшаларын, қызметтік куәліктерді, смарт-карталарды, басқа да құжаттарды беру журналын жүргізуді; «Е-кадрлар» жүйесінде жеке карточкаларды жаңадан қабылданған судьялардың, мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің толтыруын, сондай-ақ іссапарда, демалыста болуына, ауруына және т.б. байланысты «Е-кадрлар» жүйесінде судьяның жеке карточкасына мәліметтердің уақытылы енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2025 – 27.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.01.2025

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Төле би даңғылы 90

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7262) 999135, 999133