Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі ұйымдастыру жұмысы және сот статистикасы секторының бас консультанты (негізгі қызметкердің 26.10.2026 ж. дейін әлеуметтік демалыста болуы кезеңіне), В-4 санаты, 1 бірлік
ҚР Сот әкімшілігі
Астана қаласы
В-4 (күші жойылды) (27.12.2024) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Материалдық және іс жүргізу заңнамасын; ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; Word, ExceI, E-mail, Internet бағдарламалары бар компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы
Функционалды міндеттер
Соттардың жұмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін жаңа әдістер мен нысандарды іздестіру; сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу үшін қажетті ақпараттық жүйе мен сервистерде функционалдарды әзірлеу; статистика мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын зерделеу және олар бойынша қорытындылар әзірлеу; Республика бойынша статистикалық материалдарды жинау және деректерді жинақтау; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен өзара іс-қимыл жасау; сот есептерінің нысандарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; құзірет шегінде өтініштерді қарау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
707-0070@sud.kz
- 10.12.2024
- Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39 сондай-ақ онлайн форматта
-
8 (7172) 71-00-70