Жамбыл облысы Меркі аудандық соты әкімшісінің басшысы, Н-8-5.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

С-R-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

383255

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

(Лауазым деңгейі блок А-7) Аудандық сот әкімшісінің қызметкерлері арасындағы жұмысты және міндеттерді бөлу және олардың өз міндеттерін орындауын бақылау; істерді, материалдарды, өтініштер мен шағымдарды автоматты түрде бөлу; істер мен материалдар, азаматтардың өтініштері және т.б. бойынша ақпараттық есеп құжаттарын жүргізудің бақылауын жүзеге асырады, мемлекеттік статистикалық есепті дұрыс және уақтылы жасау, іс қағаздарын ұйымдастыруға және дұрыс жүргізуге жауапты, кеңсе жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді, сот мұрағаты мен хатшылық құрам жұмысын басқарады, сотқа келіп түскен хат-хабарларды қабылдауды жүзеге асырады және олардың дұрыс жеткізілуін тексереді, соттың барлық хат-хабарларының жедел өтуін және біркелкілігін қамтамасыз етеді, бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады, семинар сабақтарының жоспарын жасайды, статистикалық есепті дұрыс және уақтылы жасауға жауапты, шығындалған пошта белгілері бойынша ай сайын аванстық есебін жасайды. Кіріс және шығыс хат-хабарларының дұрыс рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.11.2024

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Төле би даңғылы 90

Анықтама алу үшін байланыс

 

8 (7262) 999135, 999133