Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің жетекші маманы (С-R-5 санаты – 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Шымкент қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Қосымша талаптар
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іcтер, әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы іс және материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» АЖ-не енгізу және құжаттар арасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады; қызметтік хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу; сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақытылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» АЖ-не енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау; материалдарды автоматты түрде бөлу; апелляциялық қарауға сотқа түскен сот істерін «Төрелік» АЖ-не есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақтылы толтыру, іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды, сот істерін жіберу жөнінде хат алмасудың бақылауын жүзеге асырады; құрал-жабдықтардың, кеңсе заттарының қажеттілігін анықтайды; сот әкімшісі басшысының, оның орынбасарының тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
730-0203@sud.kz
- 08.11.2024
- Шымкент қаласы Түркістан көшесі, № 87
-
87252997543