Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, 1 бірлік
ҚР Сот әкімшілігі
Алматы қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Материалдық және іс жүргізу заңнамасын; ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; Word, ExceI, E-mail, Internet бағдарламалары бар компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы
Функционалды міндеттер
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жүзеге асыру; облыстық сотының және Сот әкімшілігі Департаментінің кадр әлеуетін қалыптастыру және кадр жұмысын қамтамасыз ету; судьялардың сот білімі, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; Облыс судьяларының сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; облыс (қала) соттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру және ұйымдастыру; Сот әкімшілігінің Департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде құжаттарды дайындауын қамтамасыз ету және Сот әкімшілігі Департаментінің қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылуын бақылау; облыс соттарының және Сот әкімшілігі Департаментінің БАҚ-пен өзара іс-қимылының мақсатты және тиімді қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру; облыс соттарының іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттарының жұмысын жүргізу; облыс соттарының ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етілуі, сот статистикасын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; өз құзыреті шегінде судьялар мен сот қызметкерлерінің жүктеме нормативтерін әзірлеуге қатысу; облыс соттарының іс қағаздарын ұйымдастыру және облыс (қала) соттарында мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау; облыс соттарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
707-0070@sud.kz
- 30.10.2024
- Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39 сондай-ақ онлайн форматта
-
8 (7172) 71-00-70