Құжат айналымы бөлімінің бас маман – сот отырысының хатшысы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау демалысы кезеңі, 13.11.2025 жылға дейін, С-О-5 санаты - 1 бірлік):

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

«Төрелік» АЖ бойынша судьяның өндірісіндегі істердің қозғалысының есептік-ақпараттық құжаттарын толтырады; сот талқылауына дайындау кезіндегі қажетті жұмыстарды орындайды: хаттарды, сұрау хаттарды, сотқа шақыруларды дайындайды; сотқа қатысушылар мен куәлерді шақырады; қаралатын істердің тізімін дайындайды және тақтайшаға ілуге тізімді береді; сот отырысына шақырылған адамдардың келгенін тексеріп, олардың сотта болған уақытын шақыру қағазында белгілейді; сот отырысының хаттамасын жүргізеді және оның толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады; алдын-ала тыңдаудан кейін және істерді негізінен қарау аяқталғаннан кейін істерді жасақтайды; сотпен шығарылған сот актілерін «Төрелік» АЖ бойынша сот мәжілісінде қаралуға тағайындалған істер туралы, олардың қаралу қорытындылары туралы сот актілерін «Төрелік» АЖ-не енгізеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындауға дайындайды, жолдайды, сондай-ақ қаулыларды орындау үшін құжаттарды жібереді және орындалғаны туралы белгілер, хабарламаларды іске тіркейді, қаулылардың орындалғаны туралы жауаптар түспеген істерге уақтылы ескертпе хаттар жолдайды; Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым мен наразылық бойынша істерді жолдайды, сотқа қатысушыларға жоғарғы сатыда қаралатын күні мен уақыты туралы хабар береді; Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша түрде хабарлайды. Басты сот талқылауын тағайындау кезеңінде сотталушыға адвокаттардың кәсіптік ұйымы арқылы қорғаушыны қамтамасыз ету туралы мәселені шешу кезінде аталған ұйымға сот актісінің көшірмесін жібереді; сотқа шақыру қағаздарының алынғанын куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, СМС хабарламалардың тиісті мекенжайға 24 сағат ішінде түскендігі жөнінде мәлімет келмеген жағдайда, заңда белгіленген мерзімде іс бойынша сот талқылауының хаттамасын әзірлейді; құжаттарды іске хронологиялық тәртіп бойынша тігеді: сот актілері мен хат алмасулар, сот талқылауына дейін, сот талқылауы барысында түсу ретіне қарай іске қоса тіркелген құжаттар, сот отырысының хаттамасы, содан соң сот актілері (үкім, шешім, соттың ұйғарымы немесе қаулысы); сот отырысына келмеген тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтатылуы, талап арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот актілерінің көшірмелерін, түпкілікті нысандағы шешім шығарылған кезден бастап бес күннен кешіктірмейтін уақытында жібереді. Қалған жағдайларда сот актілерінің көшірмелері тек тараптарға, олардың өтініштері бойынша, мемлекет кірісіне мемлекеттік баж төленгеннен кейін ғана қайта береді; тергеу изоляторының әкімшілігіне қамауға алынған адамдардың саны бойынша сот актілерінің, үкімдерінің көшірмелерін жібереді; үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей сот актілерінің көшірмелерін сотталушыға (ақталушыға, қорғаушы және айыптаушыға) тапсырады; «Төрелік» АЖ бойынша сот актілерін көрсете отырып сол күнге тыңдауға тағайындалған істердің кестесіне сәйкес, істің қарау нәтижелері мен қозғалысы туралы есепке алу құжаттарының реквизиттерін күнделікті толтыруды қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда есептік құжаттардың бумаларын қамтамасыз етеді; «Сот отырыстарын дыбыстық-бейне тіркеу жүйесі» бойынша қолданушы нұсқаулығы талаптарын орындайды, сот отырыстарын тіркейді; алқада қаралған істер бойынша сот актілерінің уақтылы «Төрелік» АЖ-не енгізеді; өзіне жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді орындайды; Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтайды; мемлекеттік құпияларды қорғайды және құпия құжаттарымен жұмыс жасау міндеттерін сақтайды; сот төрағасының, судьяларының, Департамент басшысының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2024 – 08.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

11.10.2024

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, №87

Анықтама алу үшін байланыс

99-75-43